ШҚО әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының ұжымы Ана мен бала орталығына барды.Ұжым нәрестелі болған аналарды құттықтап, гүл шоқтарын табыстап, жылы лебіздерін білдірді,деп хабарлайды Dalanews.kz ustinka.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, бірер күн бұрын Күршім ауданының тумасы Жансая Егінбаеваның төртінші перзенті дүниеге келген. Ал бүгін ана мен бөбегі үйлеріне шағарылды.
Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айында дүниеге келген ұлымыздың есімін Сұлтан деп қойдық. Сұлтан шаңырағымыздағы төртінші бала. Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің бақылауымен жеңіл босанып, аман-есен үйге шығып барамыз, - дейді Жансая Егінбаева.
Ахмер ауылында тұратын Жадыра Құмарханова да қызы Айыммен бірге үйіне асығып барады. Комиссия мүшелері оны да құттықтап, хал-жағдайын сұрап, сыйлықтарын табыстады.
Комиссия мүшелері Наурыз мейрамын атап өтудің жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 10 күн бойы түрлі шараға белсене қатысып жүрміз. Мұндай бастама тек қала көлемінде емес, аудандар деңгейінде де жалғасып жатыр. "Шаңырақ" күні қарсаңында бөбек сүйген әр отбасыға тек бақыт тілейміз. Жанұядағы құндылықтар қашан да маңызды, - деді облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының мүшесі Аяужан Тұрсынбекқызы.
Айта кетейік, комиссия жұмысының мақсаты - отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау және аналар мен балаларға қолдау көрсету.