Жыл басынан «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасындағы» жобалар есебінен 4,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Жыл соңына дейін бағдарлама аясында «Бірлік-4» ЖШС «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кешен құрылысы» жобасының іске қосылуы жоспарлануда. Аталған кәсіпорын жұмысын бастағанда ауданда тағы да 100-150 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Ауданда шағын кәсіпкерлік саласы да белсенде дамуда. Қазіргі таңда ауданда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 14665 бірлікке жетіп, өсім 12,8% құраған. Бұл салада 992 адам жұмыспен қамтылып, отбасын асырап отыр.
2018 жылы кәсіпкерлік саласында 85,8 млрд.теңгенің өнімін өндіру жоспарланған болатын. Бірақ соңғы 10 айдың көрсеткішіне көз салған адам жоспар артығымен орындалып, шағын кәсіпкерлік салада 93,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілгенін байқайды. Осылайша өсім 104,0 пайызды құрап отыр.
Dalanews.kz