Freedom Inside '26

Шетелдіктер Шымкент - Астана рейсінде 8 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған

Шетелдіктер Шымкент - Астана рейсінде 8 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған
ІІМ

Полицейлер ұшақ бортында ұрланған 7,6 млн теңгені иесіне қайтарды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері әуе кемесі бортында ұшу кезінде жасалған аса ірі көлемдегі ұрлықты ізін суытпай ашты. Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды.

Алдын ала мәліметке сәйкес күдіктілер Шымкент - Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жымқырған.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталып, олар ұсталды. Ұсталғандар өз кінәсін мойындап, қамауға алынды.

Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.