Шетелдіктер асырап алған Жәнібек желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады

Шетелдіктер асырап алған Жәнібек желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады
ашық дереккөзден

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетел асырап кеткен Жәнібекке қатысты жаңа мәліметтер шықты. Қазір ол туған анасын іздеуді әлі де жалғастырып жатыр, деп dalanews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Жәнібек бұл іздеудің өзі үшін аса маңызды әрі оңай емес процесс екенін айтты. Оның сөзінше, анасын табу жолында белсенді азаматтар мен заңгерлер қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар соңғы уақытта үміт сыйлайтын тың деректер де табылған.

"Сәлеметсіздер ме, қадірлі отбасым мен достарым. Сіздермен жүрекжарды жаңалығымды бөліскім келеді. Қымбат Досжан мен Мейірман Шекеева және тағы басқа жанашыр адамдармен бірге анамды іздеуді әлі де жалғастырып жатырмыз. Бұл іздеудің қанша уақытқа созылатынын нақты білмеймін. Мүмкін ұзаққа жалғасар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада жақсы жаңалық болар. Соңғы уақытта бізге үміт сыйлайтын бірнеше іздер кездесті. Мен күн сайын сіздерді де, анамды да ойлаймын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін", – деп жазды Жәнібек.