Сербияда Қазақстан азаматы қаза тапты. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес қыз Белградтағы тұрғын үйлердің бірінің алтыншы қабатынан құлаған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оның қаза тапқанын растады. Ведомство оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, қаза тапқан қыздың туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.
Threads желісінде жарияланған бейнеүндеуде қыздың әкесі қызының өліміне қатысты сұрақтар бар екенін айтып, қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды хабарласуға шақырған.
Әкесінің сөзінше, оқиғаға қызы араласқан жігіттің қатысы болуы мүмкін. Алайда ол бұл болжамын растайтын ешқандай дәлел келтірмеген. Ресми органдар да бұл ақпаратты растаған жоқ.