Сенаторлар "Астана – жаңа қала" АЭА-ның жұмысымен танысты
Мұнда олар бірнеше кәсіпорынның қызметімен танысып, аймақтың проблемалық мәселелерін талқылады.
Алдымен министрлік өкілдері мен сенаторлар "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС кәсіпорнына барды. Өндіріс ошағы Қазақстанның жылжымалы тартқыш құрамының паркін жаңарту, сондай-ақ ТМД елдеріне дайын өнім экспорттау мақсатында құрылған. Бүгінде кәсіпорында 650-ден астам адам жұмыс істейді.