Семейде зейнеткер полицияның көліктерін өртеп жіберген

Семейде зейнеткер полицияның көліктерін өртеп жіберген
Абай облысы ПД

Семейде зейнеткер полицияның көліктерін өртеп жіберген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Учаскелік полиция пункті маңында екі көлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"25 қаңтарда сағат 18:10-да бұрын сотталған, 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пункті маңында заңсыз әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan маркалы екі көлікті өртеп жіберді", - деді полиция.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.