Семейде Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті

Dalanews 15 жел. 2021 16:19 906

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Семейде қаланың дамуына еңбек сіңірген азаматтар марапатталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мерекелік марапатқа ие болғандарды құттықтау үшін ШҚО әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов арнайы келіп меркелі медальдерді табыс етті. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальімен Семей қаласы жедел жәрдем станциясының директоры Владимир Ли мен «Центр семьи» қоғамдық қорының жетекшісі Жанна Жибраева марапатталды.

– Тәуелсіздік жылдары елімізде түрлі сала жан-жақты дамыды. Бүгінгі мерекелік кеште сала мамандырының еңбегі жанып, марапатқа қолжеткізуі сол еселі еңбектің өтеуі деп білемін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақ елі толағай табыстарға жетті. Бүгінде сол табысқа бастайтын кемел жолды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ара қарай жалғауда. Біз шығысқазақстандықтар мемлекетімізді өсіп-өркендету жолында аянбай еңбек етіп, Тәуелсіздігіміздің іргетасын бекемдей түсетінімізге сенімдімін. Дәл қазір облысымыздың әр ауданында Тәуелсіздік мерекесін жоғары деңгейде атап өтіп, 30 жылғы еңбек сарапқа салынып жатыр. Алдағы уақытта да осы қарқынымызды жоғалтпай, биік белесті бағындыруға ьарлықтарыңызды шақырамын, – деді Нұржан Жұмаділов.

Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының саны артып, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы арта түскені анық. Ауылшаруашылығы, өндіріс, әлеуметтік және денсаулық сақтау саласында іргелі алға жылжушылықтар орын алды.

Өз кезігінде ШҚО әкімнің орынбасары Нұржан Жұмаділов Өскемен мен Семейдің әуежайына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізіліп, заман талабына сай болуы үлкен жетістік екенін атады. Мерекелік жиынның соңы думанды концертке ұласып, көпшілік қауымның көңіл күйі бір көтеріліп қалды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар