Семейде қала әкімі тұңғыш рет сайлау арқылы таңдалады

Сағыныш Сардарова 18 қыр. 2025 14:05

Семейде қала әкімі тұңғыш рет сайлау арқылы таңдалады. Әкім сайлауына түсетін төрт үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы қалалық аумақтық сайлау комиссиясы мәлімдеді. Сайлауға қатысатын кандидаттардың бәрі өзін-өзі ұсынған. Тізімге енген азаматтар түрлі салада қызмет атқарып жүр немесе қызметтен уақытша бос жүрген адамдар.

Тіркелген кандидаттар:

  1. Шапатов Қанат Мұратұлы – Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының директоры. 1971 жылы туған, қазір Семей қаласында тұрады.
  2. Төлеуов Қаныш Мақсұтұлы – Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры. 1972 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны.
  3. Бекжасаров Айболат Қайыркешұлы – қазіргі таңда уақытша жұмыссыз. 1963 жылы туған, Семей қаласында тұрады.
  4. Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы – Көкпекті ауданының қазіргі әкімі. 1980 жылы туған, Көкпекті ауылында тұрады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар