Спорт кешеніндегі үйірмелерді қаланың және оған жақын орналасқан Нахаловка, Мұрат, Степной елді мекендерінің 7 жастан 18 жасқа дейінгі тұрғындары қатысуға мүмкін алды. Қазір мұнда 200-ден астам жас спортшы жаттығады.
Кешенде күрестің барлық түрімен, соның ішінде қазақша күрес, дзюдо және самбомен айналысуға болады. Сондай-ақ жас спортшыларға тренажерларда жаттығатын спорт залы қарастырылған.
Айта кетсек, спорт кешені қаланың сол жағалауында орналасқан. Жаттығу тегін жүргізіледі. Оның жалпы ауданы 1000 ш.м. құрайды.
Аталған спорт кешенін қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Еуразия Барысы, Әлем барысы, Қазақстан Барысы, «Amanat» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, Абай облысы мәслихатының депутаты Айбек Нұғымаров өңірде бұқаралық спортты дамыту мақсатында ашты.