Мұндай кеңесті санитария дәрігерлері берді. Қазір мамандар өрт болған Қарағайлы ауданындағы ауа сапасын тексеріп жатыр.
Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Чокушев алғашқы тексеріс өрт кезінде, кешкі уақытта жүргізілгенін айтты. Оның сөзінше, зертханалық талдаулар зиян заттар шекті мөлшерден асқанын анықтамаған.
Ауа сапасына қатысты тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Семейдегі балалар орталығындағы өрт толық сөндірілгені, зардап шеккендер жоқ екені хабарланды.
