Семей қаласындағы балалар ойын-сауық орталығында болған өртке қатысты ресми ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Dala news.
Комитеттің мәліметінше, зардап шеккен балалар жоқ. Екі бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенімен, тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілген. Қазіргі уақытта балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Оқиға орнында Абай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр.
Өрттің себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтауда. Құзырлы мекемелер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен өрт толықтай сөндірілді.
