Еліміздегі басқа өңірдегілердей шаһарда да тиісті медициналық көмек көрсетуге арналған құрылғылар жетіспейді. Осы ретте коронавирус инфекциясы мен пневмонияға шалдыққандар үшін Бобров тыныс алу аппараты Электротехникалық колледжде жасалып жатыр. Бұл құрылғы науқастың тыныс алуында маңызды рөл атқарады.
Оттегі беретін құрылғы 3D принтер көмегімен құйылып, жасалады. Бобров аппаратын жасауға шамамен 1 жарым-2 сағат уақыт кетеді. Мұнда күніне осындай 15 құрылғы дайындалады. Медициналық құрылғы дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сырқат жандардың қауіпті індетті жеңіп шығуына ықпал етеді.
Оқу орнының басшысы «қазіргі таңда 100-ден астамы қаладағы сұраныс білдірген ауруханаларға жеткізіліп, толық қамтамасыз етілді. Сондай-ақ облыстағы басқа аудандардағы ауруханаларға жеткізілу көзделінген.Бұл Аппарат герметикалық резеңке қақпағы бар жарты және бір литр көлемдегі шыны ыдыстан құрастырылған. Құрылғы оңай көрінгенімен оның негізгі мақсаты оттегінің қысымын дұрыстап тұру» дейді Азат Сәрпеков.
Қуаныш Рахметоллаұлы