Семей тұрғыны сотталған танысына ішінде есірткісі бар манты беріп жібермек болған

Сағыныш Сардарова 29 қаз. 2024 20:11 2803

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемесінде тексеру топ қызметкерлері қырағылық танытып, мекеме аумағына есірткі түйілген мантылардың жеткізілуінің жолын кесті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жазасын өтеуші сотталған танысына 24 мантының ішіне ет орынына есірткі түйіп әкелген.

Тәртіп бөлімінің тексеру тобы мен ұлттық ұлан қызметкерлері, келушінің сәлемдемесін тексеру барысында 24 мантының ішіне жасырылып түйілген есірткіні тауып, тәркіледі.

"Мантытүйгіш семейлік" 24 мантының ішіне барлық салмағы 650 грамнан асатын гашиш салған екен.

"Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 297-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - деді мекеме бастығының орынбасары Ерсін Ахметжанов.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар