Семей қаласын дамытудың Бас жоспары әзірленуде – Нұрлан Ұранхаев

Dalanews 23 қар. 2023 10:38 1276

Бүгін Астанада қаласындағы туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында журналистермен кездескен Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында Семей қаласын дамытудың Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Өңір басшысы Семей қаласының төңірегіндегі 32 елді мекенді дербес облысқа біріктіру жұмысы басталып, қызу жүзеге асып жатқанын жеткізді.

– 2023 жылы Семей қаласын абаттандырып, көгалдандыру ісіне 3,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінде қаладағы 70 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып, 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделіп, 9 тұрғын үйге қабырға суреттері салынды, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Нұрлан Ұранхаев журналитер қауымна Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа, төрт жолақты, көпір құрылысы жүріп жатқанын тілшілер қауымына айтты. Көпір құрылысы 2025 жылы аяқтау жоспарланған.


Аспалы көпірді жапон мамандары тексерген. Айта кетуіміз керек, аспалы көпір астында кеңістіктер пайдалануға берілді.

Ал Семей қаласындағы Жамақаев және Мәңгілік Ел көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы мен қоғамдық орындар жасалып, этноауыл салынуда. Жер асты өткелдері жөнделіп, жылы аялдамалар орнатылған.

Әкім алдағы жылы Ертіс өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі мен Бейбітшілік аралына балалар теміржолын салу жоспарда бар екенін жеткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар