«Semey Bus» кәсіпорыны қарызға белшеден батқан

Dalanews 25 там. 2021 03:41 908

Семей қаласында «Semey Bus» серіктестігінің басшылығы қоғамдық көліктерді алып тастау рәсіміне барынша кедергі келтіруге тырысуда. Алайда, фирманың аумағынан өнеркәсіпті дамыту қорына тиесілі 100 көлік құралы шығарылды.

"Semey Bus" ЖШС басшысы бүгін сот орындаушыларына лизингтік автобустардың кілттері мен құжаттарын тапсырмастан, ғимараттан шығып кетті.

Олардың есіктерін ашып, іске қосуға арнайы мамандардың көмегіне жүгінуге тура келген. Сондай-ақ, олар аумаққа эвакуаторларды да кіргізбеген. Олар апаттық жағдайдағы 70 көлікті алып кетуі керек болатын.

Бұл жағдай сот шешімінің орындалуына тікелей кедергі келтіріп отыр. Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот "Semey Bus" ЖШС-ға лизинг заттарын талап ету туралы "өнеркәсіпті дамыту қорының" талап арызын қарап, қанағаттандырған еді.

Кәсіпорын жауап ретінде апелляциялық сатыға жеке шағым түсірді. Бірақ 10 тамызда азаматтық істер жөніндегі алқа МАЭС шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Компания бірнеше рет аффилиирленген компаниялардың көмегімен банкроттық рәсімге қол жеткізуге тырысты. Дегенмен, олардың бұл қадамы сәтті болғанымен, автобустарды қайтаруға тура келген еді.

"Қаржы лизингі туралы" ҚР Заңына сәйкес лизинг нысанасына меншік құқығы лизинг берушіде шарттың бүкіл мерзімі ішінде сақталады. Тыйым салуға және тәркілеуге жол берілмейді. Ал "Оңалту және банкроттық туралы" заң бойынша банкрот мүлкіне ауыртпалық салынады.

170 автобус "Semey Bus" меншігінде болмайды. Сондықтан қалған көлік құралдарын қайтарып, лизингтік және басқа төлемдер бойынша қарыздарды жабуға тура келеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Semey Bus" ЖШС-мен бірқатар жанжалдарға байланысты, қазір кәсіпорын қиын жағдайда, түрлі инстанциялар мен өз қызметкерлерінің алдындағы қарыздар 2,1 миллиард теңгені құрайды.

Осы уақытқа дейін қызметкерлерге зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жасалмаған. Бұл төлемдердің сомасы 195 миллион теңгені құраса, өтелмеген салық құны 395 млн теңгеге жетіп отыр.

Ең басты қарыз – бұл "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-дағы лизингтік төлемдер, 1 миллиард 212 миллион теңгені құраған. Бұл қарыз, қордың төлемдерді 8 айға кейінге қалдыруына қарамастан орын алып отыр.

Айта кету керек, кәсіпорында жалақы үнемі кешіктіріліп отырды, бұл өз кезегінде қызметкерлердің 12 рет наразылық акциясына шығуына себеп болды. Ал соңғы 2 айда "Semey Bus" ЖШС қалалық бағыттардағы қозғалысты мүлдем тоқтатты.\

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар