Семейде көлік көпірінде жол ережесін бұзған 20 жастағы Toyota жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның қауіпті маневр жасап, басқа көліктерді басып озған сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тараған. Бейнежазбаны полиция қызметкерлері де байқаған.
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші қозғалыс кезінде бұрылыс белгісін қоспаған. Осы құқық бұзушылығы үшін оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.