Semei телеарнасы "OTAU TV" желісіне қосылды

Dalanews 03 қыр. 2018 12:49 795

Ақпарат және коммуникациялар Министрі Дәурен Абаевтың өңірлік арналарды дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма Төрағасы «SEMEI» арнасының хабар тарату ауқымын кеңейту бойынша міндет қойған болатын.

Бүгінге арна жерсеріктік сигнал қабылдауға мүмкіндігі бар барлық Қазақстан қалалары, тіпті ауыл- аймақтарда қолжетімді болды.



Енді көрермендер арнаны республикамыздың кез-келген түкпірінен тамшалауға мүмкіндік алмақ. «Қазақстан» Республикалық теларадиокорпорациясы құрамына енетін өңірлік телеарналардың арасында «SEMEI» жалғыз қалалық  арна. Алайда облыстық арналармен тең дәрежеде хабар таратып, заман көшінен қалыспай келеді.
«SEMEI» арнасында қазір тұрақты түрде қазақ және орыс тілдеріндегі 14 хабар бар. Оған қоса биыл жаңа маусымда 3 жаңа жоба көрерменге жол тартпақ.

«Екі тілде жүргізілетін ток-шоу, ақпараттық және танымдық бағыттағы тың жобаларға қазір қызу дайындық жүргізіліп жатыр.  Арна мұрағатында қазақ телевизиясы қалыптасқаннан бері сақталып келе жатқан құнды бейнеқор бар. Енді оның денін «OTAU TV» желісі арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі көрермен тамашалуға мүмкіндік алады», - дейді телеарна басшысы Арсен Бектасов.

Айта кетерлігі «SEMEI» арнасының «OTAU TV» желісіне қосылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі  Даниал  Ахметовтың  тікелей қолдауы себеп болған.

Бір жыл бұрын ребрендинг жүргізіліп аты өзгерген «SEMEI» арнасы 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ID TV цифрлық желісі  арқылы да хабар таратып келеді. Енді ел көлемінде «OTAU TV»  жерсерікті хабар тарату желісіне қосылуы арнаның жаңа тынысын ашып отыр. Көрермендер «SEMEI» арнасын «OTAU TV»  желісіндегі тегін арналар топтамасынан 51-ші арнадан қосып тамашалай алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар