“Семей орманында“ лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
ҰҚК Бас прокуратурамен бірлесіп, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды адамдардың құқыққа қайшы әрекетін анықтаған.
Тергеу мәліметіне сәйкес олар ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр.
Олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз еткен. Тінту барысында бухгалтерлік құжаттар, кесуге арналған орман орамдары мен ақшаны бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар табылған.
Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.