– Бірнеше жылдан кейін бұл жұмыс көзге көрінуі үшін қала аумағында, шағын аудандар ішінде жасалуы керек, – деді ол. – Бүгінде біз «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысын жалғастырудамыз, соны көгалдандырайық. Адамдар көшеттерді қайдан алатынын білгені маңызды. Мысалы, үйлену күні саябаққа жас жұбайлар келеді, ал оларға бірден ағаш отырғызуды ұсынады. Бұл жастар үшін естелік қана емес, қала үшін де пайдалы болмақ.
Аталмыш шараға қатысуға тек мемлекеттік орман тәлімбақтары ғана емес, жеке меншік иелері де тартылатын болады. Павлодардан 40 шақырым жерде 15 жыл ішінде өз тәлімбағын құрған экоқоныс иесі Юрий Гашек те көмек қолын созуға ниетті.
– Біз көшеттерді тегін беруге дайынбыз, бірақ бір шартымыз бар - ағаштардың суарылуы қамтамасыз етілуі тиіс, – деді Юрий Гашек. – Бізде 2,7 мыңға жуық ағаш бар. Біз әр түрлі ұйымдармен жұмыс істейміз. Өткен жылы, мысалы, біз 150-ге жуық ағаш көшеттерін отырғыздық.
Абаттандыру аясында 2020 жылы облыс орталығындағы төрт мыңға жуық ағаш пен бір мыңға жуық бұталы қоршау отырғызу жоспарланып отыр.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев