Парижде ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының (EURNAT-DGCA) азаматтық авиация бас директорларының кеңесінде ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның ATR Еуропа мен Орталық Азиядағы сату жөніндегі вице-президенті Жером Габоримен кездесуі өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар өңірлік әуепаркті жаңарту саласындағы ынтымақтасты, ATR заманауи турбовинтті әуе кемелерін жеткізу мүмкіндіктерін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, персоналды оқыту мәселелері талқылады.
"Scat әуе компаниясы бұл ұшақтарды құрылысы жүріп жатқан үш жаңа - Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайларына рейстерді орындау үшін сатып алуды қарастыруда", деп нақтылайды ведомство.
ATR – 1981 жылы құрылған француз-итальяндық авиациялық техника өндірушісі. Штаб-пәтері Тулузада (Франция) орналасқан. ATR42 және ATR72 турбовинтті аймақтық жолаушылар ұшақтарын шығарады. Компания аймақтық турбовинтті ұшақтарды (40-тан 74 орынға дейін) өндіруде көшбасшы.