Бүгін аталған акция аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сейдахмет Мирзаев Көлкент ауылының Түркістан көшесіндегі үйлерді аралап, сайлаушылармен кездесті.
– Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 7 басым бағыттан тұрады. Олардың барлығы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсартуға бағытталған. Бағдарлама аясында тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, тұрғындар үшін жайлы аудан, әлеуеттік бағдарланған және жастардың бастамасын үнемі қолдайтын аудан қалыптастыру көзделген, – деді Сейдахмет Мирзаев.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы тарих пен мәдениетті дамыту, ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына ұйытқы болу, тұрғындар қауіпсіздігін қаматамсыз етуді де жоспарлап отырғанын үміткер алға тартты.
Айталық, «Жайлы аудан» бағдарламасы аясында елдімекендерді ауыз сумен, табиғи газбен 100 пайыз қаматамасыз ету жоспарланып отыр.
Сайрам ауданында 42 елді мекеннің 26-ы (61,1%) табиғи газбен қамтылған, жыл соңына дейін Қасымбек Датқа, Әсіларық, Ошақты, Теспе және Оразалиев ауылдары табиғи газға қосылып, табиғи газбен қамту көрсеткіші 74,5 пайызды құрайтын болады.
Партия 2024 жылға дейін аудан тұрғындарын табиғи газбен 100 пайыз қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.
«Nur Otan» партиясынің белсенділері алдағы 2021 жылы Құтарыс, Қызылжар, Тоған, Таскешу, Ақсуабад, Береке және Шапрашты елді мекендері табиғи газбен қамтуды көздеп отыр.
2021 жылдан Көлкен, Оймауыт, Ақарыс елді мекендерінің газ жүйесінің құрылысы (3,1 млрд.) басталады. Ал, Сарарық елді мекенін табиғи газбен қамту 136 млн теңге қажет. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны тиісті мақсатқа жұмсауды Сайрам аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы бақылайтын болады.
Көкейдегі сауалдарына лайықты жауап алған аудан белсендісі, үміткер кандидаттардың жұмыстарына табыс тілеп, қарапайым халықтың мұң-мұқтажына баса назар аударуды өтінді. Үміткерлер маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырып, мәселенің түйінін шешуге уәде берді.
(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайрам ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)