Киік еті қазақстандық супермаркеттерде сатылуы мүмкін

Асель Қайратқызы 04 қар. 2025 15:40

Ірі сауда желілерінің және супермаркеттердің сөрелерінде киік еті пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бердалиннің айтуынша, ақбөкен етін сату қазіргі кезде шектелмеген.

«Киік санын реттеу мәселесімен Экология министрлігі айналысады. Біз өз тарапымыздан сою пункттерін және ветеринариялық талаптардың сақталуын бақылаймыз. Бүгінде сатуға ешқандай шектеу қойылған жоқ – ол тек ауру анықталған жағдайда ғана енгізіледі. Қазір ондай жағдай жоқ, сондықтан ет еркін сатылады», – деп түсіндірді вице-министр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар