Саяси репрессия? Қазіргі жүйенің құрбандарын еске алу күні керек – Қосанов

Dalanews 01 мау. 2021 04:26 806

 31-мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн тек қылышынан қан тамған коммунистік дәуірдің ғана емес, елімізде бір адамға табынған қазіргі режимнің де құрбандарын еске алу күні болуы керек!

Өкінішке орай, билік осы туралы жұмған аузын ашпайды. Әйтпесе, Арон Атабек бостандыққа шығуы керек еді емес пе?!

1991 жылдан бері билікке қарсы шыққан қаншама азамат қаскөй қанішерлердің қолынан қаза тапты, әділетсіз сотталды, түрме мен абақтыға жабылды, жұмысы мен оқуынан қуылды, шетел асып кетті, баспасөзде қараланды!

Соларды да еске алайық бұл күні! Біразы арамызда жоқ, көбісі әлі де ортамызда жүр!

Әсіресе, ауыл-аймақта жүріп, билікпен күрескен, күресіп келе жатқан қанщама азаматтар болды, бар да! Шейіт болғандарға - дұға, арамызда жүргендерге - шексіз құрмет!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар