Сахалар мен буряттар ояна бастады: Украинада Сібір батальоны құрылды

Dalanews 19 қаз. 2023 15:21 2161

Украин армиясында Сібір батальоны құрылуда. Оған қосылған якуттар мен буряттар Ресейдің сапында соғысып жатқан жерлестерін ағайын емес, миы шайылған мәңгүрт санайтынын айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.

Киевке қарсы кең ауқымды агрессияда көптеген якуттар мен Сібірден келген буряттар Ресей армиясының құрамында соғысуда. Украин Қарулы күштерінің қатарына өткен Геннадий Манғатаев пен Сайдо Хомус якуттар мен буряттардың барлығы Ресейдің құлақкесті құлы емесін дәлелдегісі келеді.

Бурятиядан Украинаға қашқан Геннадий Манғатаев (29 жаста): «Олар (жерлестерім) "орыс әлемі" үшін соғысқанда менің жақыным болудан қалады. Ресей үкіметі салт-дәстүрімізді ұмыттырып, мәдениетімізді жоймақ, жойып та жатыр. Ұлтымның тамырына балта шауып, құрғын-сүргінге ұшыратқан Кремль үшін қан төкпеймін", - дейді.

Украин әскерінің сапында соғысу үшін Якутиядан қашып келген Сайдо Хомус та (34 жаста)  Генаның пікірін қостап отыр.

"Менің жерлестерімнің дерлігі мәңгүрт және сатқын. Мәңгүрттер – өткенін есіне алмайтын әлжуаз құлға айналған халық", - дейді ол (қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн" атты әйгілі романынан).

Манғатаевтың айтуынша, оның отандастары Ресей армиясына негізінен жоқшылықтан арылу үшін келеді.

"Үйде олар айына 20-25 мың рубль (200-250 еуро) алады, ал әскерде 200 мың рубль (2 мың еуро) төлейді", - дейді Геннадий.

Геннадий Мангатаев и Сайдо Хомус - бойцы Интернационального легиона Украины.

Украин халықаралық легионының құрамындағы "Сібір" батальоны жазда Сібірден келген әртүрлі ұлттардың әскери қызметкерлерін біріктіретін бөлімше ретінде құрылды. Гена мен Сайдо бөлімшеге биылғы жылдың қыркүйек айында келген.

Әзір батальон құрамындағы жауынгерлер майданға аттану үшін жаттығу жиындарын өткізуде. Батальонды соғысқа дайындап жатқан украиналық офицердің айтуынша, Сібірден қашып келіп жатқан сахалар мен буряттардың саны өсу үстінде.


Якутияда Ресей мен Қытай шекарасындағы «Сібір қуаты» газ құбырының құрылысында жұмыс істеген Геннадий Манғатаев Украинаға өткен жылдың мамырында келген.

"Мен Ұлан-Удеде (Бурятия астанасы) не болып жатқанын көрдім: бүкіл қала Z-свастикамен көмкерілген, Юнармия (Ресей Қорғаныс министрлігі қаржыландыратын жастар ұйымы) Гитлер жастары сияқты көшелермен жүріп өтті. Мен бұл көріністің бір бөлшегі болғым келмеді", - деді бурят елінің азат ұлы.


Ихтиолог болып жұмыс істеген Хомус өткен көктемде анасы қайтыс болғаннан кейін өз елінде бір күн де аялдағысы келмеген.

"Мен Путиннің үкіметін жақсы көруді баяғыда қойғанмын», - деді ол. Якутияда қаншама ресурстар бар, бірақ оның барлығын бізден тартып алуда. Біз Мәскеудің отарымыз".

Хомустың айтуынша, оның Украина үшін шайқасуының себебі - Кремль режимін жоюға көмектесу. "Мен Ресейдің ыдырап, Якутияның тәуелсіздік алғанын қалаймын, осылайша біз енді Мәскеуден түсетін субсидиямен өмір сүрмейміз", - дейді ол.

Тарих пәнінің мұғалімі Манғатаев Ресейдің жасаған әрекеті үшін өзін кінәлі сезінетінін айтады. Оның пікірінше ресейліктер Путиннің билікте ұзақ отыруға жол бергені үшін өзін кінәлі сезінуі керек.



"Мен болашақта айнаға қарап, ең болмағанда (Путин режимін құлату үшін) бірдеңе жасадым деп айтқым келеді», - деп қосты ол.

Манғатаев Украинаға осы жазда Грузия арқылы, ал Хомус Моңғолия арқылы келген. Сібір батальонында оқу-жаттығу жүргізетін украиналық офицердің айтуынша, Ресейден келген барлық сарбаздар мұқият тексеруден өтеді.


...


Айтқандай, Назарбаев әулеті оңайлықпен берісер емес. Экс-президент "Жусаннан" айырылғысы келмейді. Толығырақ:

https://t.me/dalainside/1535



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар