Сауранда Республика күні мерекесін дәріптеген марафон өтті

Dalanews 21 қаз. 2022 01:20 932

Сауран ауданында 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай, «Спорт – денсаулық кепілі» атты марафон ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сайыс ауылдық округ тұрғындары арасында 3 шақырым қашықтыққа жүгіруден өтті. Марафонға ауданнан 800-ге тарта азамат қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті.

Сауран ауданында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан шараға аудан әкімі Ғани Рысбеков қатысып, жарысқа қатысушыларды келе жатқан Республика күнімен құттықтады.

Марафонда өзгелерден озық келгендер марапатталып, қаржылай сыйлықтар алды. Атап айтқанда, әйелдер арасында 1-орынды Наргиза Алишерова иемденсе, жүлделі екінші және үшінші орындарды Гуллола Садықова мен Умсин Муслимова өзара бөлісті. Ал, ерлер арасында Серік Исмайлов жеңімпаз атанса, 2-орынды Руслан Ташполатов, 3-орынды Закир Аманбай алды. Өзге де қатысушыларға алғыс хаттар мен медальдар табысталды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар