Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылында “Самғау” №6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бой көтерді. Оңалту орталығы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Атап айтқанда, сауықтыру орталығы бір мезетте 200 адамға медициналық, педагогикалық еңбекке баулу бағыттарында қызмет көрсетуге қауқарлы.
Мекеме директоры Гүлнұр Сауртаеваның сөзінше, заманауи бағыттағы оңалту мекемесі 3 қабаттан тұрады. Сондай-ақ ғимарат толыққанды материалдық-техникалық базамен жабдықталады.
Әлеуметтік орталық қазан айынан бастап штаттық режимде жұмысын бастайды деп жоспарлануда.