Қазақстан Сауда және интеграция министрлігі Шанхайдағы көрмеге қатысуға шамамен 512 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Тапсырыс беруші – “Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі” мемлекеттік мекемесі; атауы – іс-шараларға қатысу қызметтері; қосымша сипаттамасы – Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтетін халықаралық көрмеде Қазақстанның өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің экспорттық әлеуетін таныстыру арқылы олардың сыртқы нарыққа шығуын қолдауға бағытталған сервистік қызметтер; жоспарланған сома – 511 964 285,71 теңге", – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.
Конкурсқа қатысуға алдын ала өтінімдер қабылдау 8-15 қыркүйек аралығында өтеді.