Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігі елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері астана мен елдің шығыс бөлігіндегі нысандарға бағытталған бірнеше ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрліктің ресми өкілі, генерал-майор Түрки әл-Маликидің айтуынша, дрондар Ирак аумағынан ұшырылған. Оның сөзінше, шабуылдың артында Иран қолдайтын қарулы топтар тұруы ықтимал.
Түрки әл-Малики Сауд Арабиясы бұл әрекетке жауап қайтару құқығын өзінде сақтайтынын айтып, қажет болған жағдайда «өз қалауынша кез келген уақытта және кез келген жерде» жауап беретінін жеткізді.