Сәтқалиев журналиске қазақ тіліндегі сұраққа жауап беруден бас тартты

Көркем Алдабергенова 25 қар. 2024 16:24 147

Кулуарда журналист энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылардың жайы жөнінде сұрақ қойған. Жауапты қазақ тілінде жауап беруді өтінген. Министр жауап беруден бас тартты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп. 

– Министр мырза, жаңа отырыста Жаңаөзендегі ереуіл жайлы сұрақ қойылды. Олардың наразылықта тұрғанына 10 күннен асып кетті. Мұндай ереуіл бұрын да болған, бүгін де болып жатыр. Сіз сол жұмысшылардың талаптарымен таныссыз ба? Дауды неге реттей алмай отырсыздар? Жұмысшылар қазақ тілді болғаннан кейін қазақ тілінде жауап беруіңізді өтінеміз, – деп сұралды министрден.

Сәтқалиев ҚМГ басшысының жауабына алып-қосары жоқтығын айтты.

– Алып-қосарым жоқ. ҚазМұнайГаз басшысы жауап берді. Олар жұмыс жүргізіп жатыр. Энергетика министрлігінің құзіретіне кірген кезде біз сізге жауап береміз, – деді ол.

Журналист осы кезде “ысырыпсалды жауап беріп тұрсыз, қазақша жұмысшыларға нақты жауап беріңізші” деп қайта сұраған. Бір емес, бірнеше рет сұрақты қайталауға да тура келді. Алайда министр “мен сізге жауап бердім, сонымен рақмет” деп түйіндеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар