Freedom Inside '26

Сәтбаев тұрғыны жұрт арасында ауызша уағыз айтып, терроризмді насихаттаған

Сәтбаев тұрғыны жұрт арасында ауызша уағыз айтып, терроризмді насихаттаған
Dalanews.kz коллажы

Сәтбаевта терроризмдi насихаттау ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мән-жайы

Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі). Сотта сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқаны анықталған.

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейінгі жағдай

Еске салайық, бұған дейін 7 қазақстандық террористік қылмыс жасағаны үшін сотталғаны хабарланды.

Соның ішінде Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қалаларының соттары 5 адамды терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдарына шығуға әрекеттенгені үшін 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті.