САРЫАҒАШТА НЕ БОЛДЫ?

Dalanews 06 ақп. 2015 01:07 851

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қарасты ауылдардың бірінде  кісі өлімі болып, соның кесірінен тәртіпсіздік болған. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасынының  баспасөз қызметі хабарлады.

Дереккөз: Abai.kz

Оқиға 4 ақпан күні түнде болған. Сарыағаш ауданына қарасты Бостандық ауылына жақын жерде көрші Ынтымақ аулының тұрғыны, 1985 жылы туған Б.Д.Артықовтың  мәйіті табылған. Мәйіттің денесінде пышақтаудан қалған ауыр жарақат іздері бар.

Кісі өлімі бойынша қылмыс іс қозғалып, күдікті ретінде Сарыағаш ауданына қарасты Бостандық ауылының тұрғыны 1976 жылы туған Нарметов іздестіріліп жатыр.

Қылмысқа апарған оқиғаға Нарметов жалға алып отырған Артықовтың жылыжайына байланысты жағдай себеп болған көрінеді.

Осы оқиғадан кейін, 5 ақпан күні Артықовтың ауылдастары, бір топ жас көршілес ауылға келіп, бірнеше машинаны өртеп, бірді-екілі үйге шығын келтірген.

Бұл тәртіпсіздіктерді дер уақытында полиция тоқтатқан. Қазір оқиға болған ауылда тыныштық орнап, құзырлы орындар жұмыс істеп жатыр.

 

youtube видео желісінің гражданин РК және Ербол Тулегенов атты қолданушыларының каналынан алынған Сарыағашта болған оқиғаға қатысты видеолар:

https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=ObNvTRCuZT4

https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=zjPtMOzDAN8

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар