Жастарды Ханбибі Есенқарақызы поэзиясына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, азаматтыққа бағдарланған дүние танымдары мен сана-сезімдерін өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында дәстүрлі «Ханбибі оқулары» байқауы ауданда бірнеше жылдардан бері үздіксіз өткізіліп келеді. Дәстүрлі іс-шараға аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов қатысып, поэзияға құштар жастарды құттықтады.
Сарыағаш ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен биыл үшінші рет өткен дәстүрлі байқауға биыл 30 үміткер қатысып, олардың арасынан 17 үміткер іріктеліпті. Байқау соңында жеңімпаздар марапатталып алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Атап кетер болсақ Бас жүлде иегері Әбіл Айдос, І орын Мусатаева Маржан, ІІ орын Тұрсынбай Жаңыл, ІІІ орын Сайлыбай Аяулым дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқауға қатысқан жастардың арасында қазақтың аяулы ақын қызы секілді жыр жазып, көңілге тұнған өнермен өрнектеп жүрген жастарда бар екен. Олар болашақта Ханбибі апаларындай ақын болып, ел үшін қызымет еткілері келетіндерін жасырмады.