Сарапшылар ескі Қазақстанның жоспары жайында айтты

Dalanews 25 қаң. 2024 04:01 1854

Мәжіліс депутаты Марат Башимов «По закону» бағдарламасында Президент Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатына сарапшылармен бірге талдау жасады. Dalanews.kz тілшісі сарапшылардың ойына шолу жасады.

«Құқық қорғау органдарының басшылары сатқындық жасады»


Марат Башимов Тоқаевтың сұхбатта шенеуніктердің кабинеттен кабинетке жүгіріп жүргені туралы сөзіне қатысты ойын айтты.

«Тоқаев саяси ойындар елдің шырқын бұзып кете жаздағанын ашық айтты. Өкінішке қарай, құқық қорғау органдарының басшылары сатқындық жасады. Президент үлкен және кіші президент мүлдем болмауы керек деп дұрыс айтты. «Кеттің бе – қайырылма» принципі дұрыс. Яғни, қазіргі Президенттің конституциялық өкілеттіктеріне араласуға және Конституцияға қол сұғуға болмайды», - дейді Башимов.

«Қазақстанда позитив реформалар жүріп жатыр»


Заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасуловтың сөзінше, Қазақстанда позитив реформалар жүріп жатыр.

«Позитив реформаның жүріп жатқанына бірнеше жыл болды, ол Қаңтар оқиғасына дейін басталды. Олар әділ қоғам, әділ Қазақстан, Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған. Бұл жағдайда елде қос билік болмауы керек. Негізі сұхбатта да шенеуніктер бір кабинеттен кабинетке жүгіріп жүргені айтылады және оның зардабы осындай болды», - дейді Абдрасулов.


Сарапшылар қаралы қаңтар оқиғасы кезінде Президент жедел шешім қабылдауы керек болғанын айтады. Біртіндеп орындалуы керек болған реформаларды қысқа уақыт ішінде негізді түрде орындау керек болды.

"Ескі Қазақстанның қайтып келу жоспары әлбетте бар. Ол жоспар әзірленіп жатуы да мүмкін"


Қазақстанның республикалық заң консультанттар коллегиясының төрағасы Серік Ақылбайдың сөзінше, бәрі демократиялық жолмен келе жатыр. Сонымен қатар, сарапшы ескі Қазақстанның өкілдерінің билікке келу жоспары болғанын ашық айтты. Ескі Қазақстанның қайтып келу жоспары әлбетте бар. Ол жоспар әзірленіп жатуы да мүмкін.

«Бір кездері билікке қайтып келгісі келген күштердің қайтып келуі екіталай. Оны халық та сезді. Халық баласының болашағына сенетінін сезді. Тіпті балаларға ұлттық қордан қаржы бөлінеді, мұндай ешқашан болған емес. Экономика дамып келе жатқанына, инвестициялар тартылып жатқанына, Президент тынбай шетелмен байланыста болып, жұмыс істеп жатқанына көз жетіп жатыр», - дейді Серік Ақылбай.


Марат Башимов бір сөзбен айтқанда ескі жүйеге қайтып оралу мүмкін емес екенін атап өтті.

«Бүгінде Қазақстандағы саяси реформа тек жүйелік емес, қайтымсыз сипатқа ие болғанын асқан сеніммен айтуға болады. Себебі ұлттың саяси менталитеті трансформацияға ұшыраған», - дейді Башимов.

Марат Башимов Тоқаевтың сұхбаты - жылдар бойы қалыптасқан қос стандарттардан, ең жоғары өзін-өзі цензурадан бас тарту, ескіден аулақ болу, жағымпаздықтан тазару және бірге әділ қоғам құру мүмкіндігі екенін айтады.

Сурет: ndtv.com

https://dalanews.kz/bas-takyryp/98351-bul-khayp-emes-kandelaki-provokaciiasy

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар