Қазақстанда кейінгі бір жылда қой еті орта есеппен 27,7 пайыз қымбаттады. Сондай-ақ сиыр еті, тартылған ет пен тауықтың сан етінің бағасы да өскен, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, бағаның көтерілуіне ішкі және сыртқы нарықтағы сұраныстың артуы әсер етіп отыр. Оның сөзінше, Қытай, Африка елдері және көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Өзбекстанда етке деген сұраныс жоғарылаған. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы бағаға да ықпал етіп жатыр.
"Ет бағасында күрт өсім байқалып отырған жоқ. Қалыпты деңгейдегі өсім бар. Ең бастысы – нарықта ет жеткілікті. Баға өзгеріп отырғанымен, жалпы жағдай тұрақты. Мал шаруашылығы өнімдерінің тапшылығы жоқ. Сонымен бірге баға тек тұтынушы үшін ғана емес, өндіруші үшін де әділ болуы қажет. Қазір нарықтағы тепе-теңдік қалыптасып жатыр", - деді министр.