Санжар Бокаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды

Санжар Бокаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды
Ашық дереккөз.

Қоғам белсендісі Санжар Бокаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы оның адвокаты Радмир Утепов мәлімдеді.

Қорғаушының айтуынша, 13 шілдеде іс бойынша барлық тергеу әрекеттері аяқталып, енді адвокаттар қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскен.

Еске салайық, бұған дейін сот Санжар Бокаевтың қамауда ұстау мерзімін 18 тамызға дейін ұзартқан болатын.