Салық реформасынан кейін қазақстандықтардың 70%-дан астамы шығындарының артқанын айтты

Көркем Алдабергенова 13 нау. 2026 17:21

Халықаралық MediaNet журналистика орталығы жанындағы DEMOSCOPE жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың басым бөлігі салық реформасынан кейін шығындарының өскенін мәлімдеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зерттеу 5–15 ақпан аралығында жүргізілген. Нәтижесінде респонденттердің 77,6 пайызы 2026 жылдың қаңтарынан бастап күнделікті шығындары артқанын айтқан. Оның ішінде 54,4 пайызы шығындардың едәуір көбейгенін атап өтсе, 23,2 пайызы шығын аздап өскенін көрсеткен.

Бағаның өсуіне байланысты көптеген азаматтар үнемдеуге көшкен. Ең алдымен адамдар азық-түлікке, киім-кешекке, сапарларға, кафе мен ойын-сауыққа жұмсалатын қаражатты қысқартып жатыр.

Сауалнамаға қатысушылардың айтуынша, басты мәселе – тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы. Сонымен қатар көптеген азамат қаржылық тұрақтылығы үшін алаңдайтынын білдірген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove