Саламатты өмір салтын насихаттауға миллиардтаған қаржы жұмсау: бұл ұлтты сақтаудың амалы ма, әлде жемқорлықтың бір түрі ме?

Жарас Кемелжан 02 ақп. 2024 15:33 6139


Қазақстанда саламатты өмір салтын сақтау насихатына ерекше көңіл бөлінеді. Бұны, әсіресе, осы мақсатқа мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан анық байқауға болады.


Алайда жүзеге асып жатқан бағдарламалардың тиімділігі ешкімді ойландырмайтыны қызық. «Ашықтықты үдету» (Повышение открытости) қоғамдық бірлестігінің президенті Кирилл Павлов бұл мәселені бұдан бұрын да көтерген еді. Саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталықтарының жұмысын зерделей келе ол тергеу жүргізіп, осы орталықтардың және кейбір коммерциалық емес ұйымдардың саламатты өмір салтын қалай насихаттайтынына қатысты маңызды факторларды анықтады.



Dalanews тілшісі жыл сайын саламатты өмір салтын насихаттауға бөлінетін 500 мың теңге көлеміндегі қаржының қайда жұмсалатынын, соны бақылауға тиіс органдардың неге бұл түйткілді терең зерттеуі тиіс екенін айтып береді.




Кирилл Павловтың айтуынша, 2018 жылдан бері саламатты өмір салтын насихаттауға бөлінетін қомақты қаржыны осы салаға арнайы маманданған үлесі бар топтар, яғни Саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталықтары жүйелі түрде жымқырып келген. Бұл қаржы жергілікті бюджеттен тендер арқылы бөлінеді. Ал тендерге коммерциалық емес ұйымдар қатысады. Алайда кейде «компетенциясы» жоғары қызмет көрсететін ұйым табылмағандықтан бұл ақша жұмсалмай қалады.



Кирилл Павловтың сөзінше, саламатты өмір салтын насихаттау жұмысындағы бәсекелестіктің дамымауына әлдекімдер мүдделі. Сондықтан саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталықтары түрлі сылтаулармен бұрынғы схеманы қайтарып алғысы келеді. Бұл идеяны депутаттар да қолдапты.


- Бір топ мәжіліс депутаттары Саламатты өмір салтын насихаттау саласындағы қаржылық схеманы қайтадан қайтарғысы келеді. Ол схема бойынша жергілікті әкімдіктер Саламатты өмір салтын наисхаттау орталықтарымен келісім-шартқа отыратын. Бұл орталықтар Денсаулық сақтау министрлігіндегі тікелей Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына қарасты еді. Келісім-шартты солар арқылы алатын. Ол кезде әкімдіктерге мұндай қызметті тек осы өңірлік орталықтар ұсынатын. Бұл мұқият жабық жүйе болған. Яғни, жергілікті бюджеттен тікелей тапсырыс бойынша осындай насихатқа миллиардтаған қаржы жұмсалатын. 2015 пен 2019 жылдар арасында Саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталық қызметіне мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы астрономиялық қаржы бөлінген – 1,7 миллиард теңге. Қазіргі таңда депутаттар әкімдіктер орталықтармен тендерсіз, бәсекелессіз тікелей келісім-шартқа отыруын талап етіп отыр. Яғни, жағдайды баяғы қалпына түсіргісі келеді. Ол кезде Саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталықтарымен тек мемлекеттік құрылымдар айналысатын, олардың қаржыландыруы мүлде түсіндірілмейтін, - деп тиянақтады сөзін «Ашықтықты үдету» қоғамдық бірлестігінің президенті Кирилл Павлов.


Бұл сомалар мен Саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталықтарының жемқорлыққа бейімдігі туралы ақпарат тектен тек шыққан жоқ. Кирилл Павлов 2020 жылы осындай 22 орталықтың ісін мұқият тексеріп шыққан.



- Саламатты өмір салтын насихаттау ісі 2018 жылдан бастап бәсекелестік ортаға өткенмен, әкімдіктер бәз-баяғыша солармен тікелей келісім-шарт жасасып келген. Кей келісім-шарттың құны 167 миллион теңге болған, ал келісім-шарттардың орташа сомасы шамамен жылына 100 млн теңгені құраған. Астана мен Маңғыстау облысының әкімдіктеріне арнайы талап жіберіп, қызмет көрсетуші бойынша нақты таңдау мінездемесін сұраттым. Есесіне әкімдіктер Саламатты өмір салтын наисхаттау бойынша тендерді асығыс жауып, оларды лайықсыз деп таныды, - дейді Павлов.



Қазір сол Саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталықтары мемлекеттік емес болып саналады. Тапсырысты тендер негізінде алады. Қоғам үнемі бақылауда ұстаса, бұл нағыз жемқорлықты болдырмаудың себебі болуы тиіс еді.


Оның үстіне байқау әділ өтсе, тендерге саламатты өмір салтын насихаттау бойынша басқа бағдарламалардың қатысуына да мүмкіндік ашылар еді.


Дегенмен Кирилл Павловтың айтуынша, депутаттар ұсынып отырған стратегиялық серіктестік схемасы бойынша қаржыны басқару оңайға түседі әрі орталықтардың «жұмысы қайнап жатыр» дегенді көрсетпек. Бюджеттің қаржысына салмақты дүние жасау жүйесіне шеттен түсу мүмкіндігі кемімек.


- Мәжіліс депутаттары өз бастамаларын ешбір сапамен тиянақтамай отыр. Не саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталықтарының жұмысы, не сол тендерге қатысып, бәсекелестік кезінде жеңіп алғандардың жұмысы сараланбайды. Тапсырыс беру әдіснамасын қайтып қарастырайық дегенге ешкім қолдау білдірмеді. Тек саламатты өмір салтын насихаттау тендеріне заңды тұлғалар қатысқан – денсаулық сақтау субьектілері емес, басқа өңірлердің тұлғалары тартылған деп уәж айтады. Мұның бәрі логикаға қайшы келеді. Мәселе саламатты өмір салтын насихаттауға тіреледі, медициналық қызмет көрсету емес. Оның үстіне территориялық принцип тіпті абсурд, ұтымды тәжірибені елдің басқа өңірлеріне тарату мүмкіндігін шектейді ғой, - деп санайды ол.


Оның сөзіне сүйенсек, Саламатты өмір салтын насихаттау тиімділігі мәжіліс депутаттарына мүлде қызық емес. Алайда бұл қоғам болып талқылауға тиісті тақырып.



- Депутаттардың тағы бір ұсынысы – Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына өңірлік орталықтарымен мүдделестікті күшейтуді тапсыру. Соның арқасында Саламатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралардың сапасын арттырып, көрсетілген қызметті бақылауда ұстау мен қадағалауды күшейтіп, сол іс-шараларды өткізу мерзімін қадағалау, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалауды арттыруды осы орталыққа тапсырса. Бірақ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталықтарының жұмысын сараласақ, мынадай фактіні байқауға болады: ҚДСҰО бес жыл сайын GATS зерттеуін жүргізеді – елдегі темекі шегушілер саны қанша болды, шекпейтіндердің ахуалы қандай дегендей. GATS біздің елде екі рет жүргізілді: 2014 жылы, сосын бес жыл кейін 2019 жылы. Зерттеушілердің жазған сараптамасында елдегі темекі шегушілер саны анау айтарлықтай өзгермеген, 2014 жылы 2,8 млн болса, 2019 жылы да сол қалпы 2,8 млн болып қалған. Пайыздық үлесі ғана азды-көп кемігенін көрсетеді. Оның өзі сол аралықта Қазақстанға келушілер саны көп болғандықтан дейді. 5 жылда ештеңе өзгермепті, сонда темекі шегушілермен қалай күрескен? - деп сауал жолдайды Кирилл Павлов.

Сол орталықтардың жұмысына қарасақ, 2014 жыл мен 2019 жыл арасында елдегі темекі шегушілер саны кемігені былай тұрсын, әйелдер мен балалар арасында вейпке құмарлық артқанын көрсетеді.


- Саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталықтараның артында «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» коалициясы тұр, оның басшысы Жәмилә Садықова орталық жұмысын қажетті бағытқа бұрады-мыс. Алайда ол үнемі демеушілерінің атын жасырады, олардың оның алдына қойған мақсат-талаптарын атамайды. Дегенмен, «Темекісіз» қоғамдық қорының жылдық табысы 119,8 млн теңге, ал 2022 жылы - 148,6 млн теңге, 2023 жылы - 86 млн теңгені құрайды. Бұл құрылым – қоғамдық ұйым, дәрігерлердің кәсіби бірлестігі емес, мемлекеттік орган емес. Адам түсінбейтін тәсілмен баламасыз түрде Саламатты өмір салтын насихаттау ісіне өзінің қызметін жапсырып қойған. Қазақстандағы бүкіл 22 Саламатты өмір салтын насихаттау өңірлік орталық аталмыш «Коалицияның» құрылымына кіреді. Садықованың басқаруымен елдегі темекі шегушілермен күресті бақылайды екен. Осы схеманың аясында бәрі жергілікті бюджеттен мемлекеттік қаржыны алады. Соңғы кездері сол қаржыға қол жеткізуді тендер сияқты ыңғайсыз тәсілмен қиындатып тастады. Сондықтан соны мәжіліс депутаттары алып тастамақшы. Бүкіл билікті қайтып бір адамның қолына ұсынбақ. Міне, мемлекет осы мәселені ыждаһаттылықпен тексеруі тиіс, - дейді Кирилл Павлов.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар