Сал ауруын емдейтін «Гросс тренажерын» жасаған маман Сайрамға келіп, құрылғысын орнатты

Dalanews 07 қаз. 2021 11:55 876

«Дара» қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту бағдарламасының қолдауымен Сайрам ауданының №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде «Гросс тренажерін» орнатты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Гросс тренажері» – қимыл-қозғалысы бұзылған балаларға қозғалуына мүмкіндік береді, тіпті дамуына көп мүмкіндік беретін ерекше құрылғы. Бұл тренажер тірек-қимыл органдары бұзылған балалардың қауіпсіздігін сақтай отырып, дамуына, қозғалуына және жазықтықта айналуына мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты – мұндай тренажерлерді Қазақстан бойынша психологиялық кабинеттерге орнату тірек-қимыл органдары бұзылған балаларға, отбасыларына басқа қалаларға бармай-ақ, баланы тұрғылықты жері бойынша оңалтуға мүмкіндік береді.

Тренажердегі сабақтар әрқашан жарқын эмоционалды түске ие, бала және оның отбасы тамаша эмоцияларға бөленеді. Енді мамандар тренажердің көмегімен балалардың тепе-теңдікпен дұрыс жүру, қауіпсіз қозғалыс дағдыларын дамыту бөтен адамның көмегінсіз тепе-теңдік сезімін дамыта алады.

Балалардың қозғалыс маторикасын дамыту басқа дағдыларды дамытады, мысалы, есту-сөйлеу және интеллектуалды даму. Гросс тренажерындағы жаттығудың нәтижесінде, баланың әртүрлі кедергілерден қорқуын сейілтіп, кеңістікте қозғалысын дамытады.

Тренажер авторлары Гросс Юхан Артурович пен Гросс Артур Юханович Сайрам ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде тренажер орнатып, ППТК мамандарына, ата-аналар мен осы мәселеге қызығушылық танытқандардың барлығына оқыту семинарында кеңес берді.

Бүгінгі таңда «Дара» қоры Қазақстан бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде 20 Гросс тренажерын орнатты.

Юхан Гросс кәсіби спортшы, отыз жыл бұрын конькимен сырғанаушыларды оқытуға арналған тренажер жасауды бастаған. Бірақ кейінірек, патенттік зерттеу барысында оның тренажеры тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуда тиімділігін көрсетті. «Гросс тренажері» патенттелген, Медициналық және спорттық тренажердің алғашқы модельдері 1991 жылдан бастап жұмыс істейді.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті-бұл кез-келген ерекше бала мен оның отбасы білікті мамандар командасының көмегін алатын арнайы білім ұйымы. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттердегі тұрғылықты жері бойынша барлық қызметтер тегін беріледі. ППТК 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетеді.

«Дара» қоры-жобаларды іске асыратын қайырымдылық жеке қор, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар