Сәкен Мамашқа қатысты іс: тергеу аяқталды

Сағыныш Сардарова 30 сәу. 2025 10:23 255

Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

KursivMedia мәліметінше, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамашқа қатысты соталды тергеу аяқталған. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті хабарлаған.

"Сәкен Мамашқа қатысты соталды тергеп-тексеру аяқталды және қылмыстық іс бойынша қабылданған процестік шешімнің заңдылығын тексеру үшін прокуратураға жолданды", – деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, соталды тергеуді Астананың Есіл ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізген.

Мән-жай

Бұл іс жұртшылықтың назарын аударды, өйткені Сәкен Мамаш - Қазақстанның дипломатиялық қызметіне қатысы бар тұлға.

2024 жылғы мамырда Карина Госман (бұрын Мамаш) сол кезде БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінде қызмет еткен жұбайы тарапынан зорлық-зомбылық жасалғанын мәлімдеді.

Ал жуырда әйелін ұрды деген айыппен бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш Астанада қамауға алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар