Бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты іс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған дейін іс Астананың ауданаралық қылмыстық сотына түскен болатын. Іс 10 маусым сағат 10.00-ге ауыстырылды.
Ол бұрынғы әйелі Карина Мамашқа күш қолданды деп күдікке ілінген. Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растаған.
Сот процесі бүгін, 29 мамырда өтуі қажет болған. Сонымен қатар, Сәкен Мамаштың қамау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды.
2024 жылғы мамырда Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі оның өзін және қонаққа келген әпкесін ұрып-соққанын мәлімдеген. Осыдан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі оны БАӘ-дегі қызметінен кері шақыртты. Өткен жылдың 9 мамырында жәбірленуші Астанаға оралған. Қауіпсіздік мақсатында Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылған.
Кейінірек Сәкен Мамашқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы ("Азаптау") бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатыны хабарланған еді.
2023 жылғы қазанда Карина Мамаш ажырасқанын ресми түрде жариялады.