Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың экс күйеубаласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі табылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек растап, түсінік берді.
"Осы факті бойынша "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Мән-жайы анықталып жатыр", - деді Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, 2020 жылы Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те "қаржы жымқырды" деп сотталып, былтыр күзде босап шыққан еді.
Бақыт Ибрагим 1985 жылы 28 мамырда туған.
Кәсіпкердің жеке өміріне қатысты мәлімет жоқтың қасы. Кей мәліметтерде оның бұрынғы әйелі Меруерт Әбдір екені айтылады. Меруерт Әбдір – Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы.