Рим қаласында ұлы Абайға ескерткіш орнатылады

Сағыныш Сардарова 29 қыр. 2025 16:59

Қазақстан мен Италия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту ісіне мән берілген. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елорда көшелерінің біріне Италияның ұлы саяхатшысы Марко Полоның аты берілетінін мәлімдеді.

"Келесі жылы Италияда "Көшпенділер алтыны" көрмесі өткізілмек. Сондай-ақ, Неапольдегі көне Сан Карло театрында "Абай" операсын қою жоспарланған. Биыл Рим қаласында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мүсіні орнатылады. Осы сәтті пайдалана отырып, игі бастамаға қолдау білдіргені үшін Италия халқына шынайы ризашылығымды жеткізгім келеді. Біз мұны қазақтың мәдени мұрасына көрсетілген құрмет пен шынайы достық пейілдің көрінісі деп қабылдаймыз. Осындай тағылымды іс-шаралар халықтарымызды жақындата түсетіні сөзсіз", – деді Президент.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар