Жаңа әкімді қала халқына Даниал Ахметов таныстрыды.
Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха ауданында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы ШҚО бойынша экономикалық және жемқорлыққа қарсы қылмыстар департаментінде бастаған. Ал 2015 жылдың тамыз айынан осы күнге дейін Шемонаиха ауданы әкімі қызметін атқарды.