Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясы бұған дейін бекітілген 2021 жылға арналған бюджетке өзгерістер енгізілді.
ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Улақованың айтуынша, өзгерістер жыл басына қалыптасқан бос қалдықтарды бөлумен, сондай-ақ облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатын басым бағыттарға қайта бөлумен байланысты. Оның айтуынша, қосымша облыстық қаражат аймақ үшін маңызды мәселелерді шешуге жұмсалады. Мысалы, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы аясында 10 ауылдық елді мекенді «Ашық әкімдік» форматында қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуге 38,9 млн теңге бөлінді.
– Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 29,7 млн теңге көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға бағытталатын болады. Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларды еске алуға арналған монумент жасауға 17 миллион теңге жұмсалады, –деді Сәуле Ұлақова.
Күн тәртібінде Өскемен және Риддер қалаларының кейбір көшелерін қайта атау, сондай-ақ автобус паркін жаңарту сияқты басқа да мәселелер қаралды.
– Облыс орталығында Менделеев көшесі танымал металлург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Бағдат Шаяхметовтың есімімен аталады, ол да «ӨТМК» АҚ басшылығы кезінде отандық металлургияны дамытуға елеулі үлес қосты, – деді Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Роза Төлемісова. – Риддердегі Островский атындағы орталық көшеге Абай даңғылы атауы берілді. Абай есімімен аталатын тағы бір көше осы қаланың тумасы, Кеңес Одағының Батыры Сергей Гуляев көшесі деп аталатын болады.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл ретте ғалым Дмитрий Менделеевтің есімі жоғалмайтынын атап өтті.
– Тағы бір көше химик-ғалым Менделеевтің есімімен аталады. Барлық іс-шаралар өткізілді, Республикалық комиссия мақұлдады. Қалалық мәслихаттың келесі сессиясында бұл сұрақ қарауға шығарылатын болады, - деді Даниал Ахметов.
Айта кетейік, Өскемен қаласында 93 бірлік автобус паркін жаңарту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.