Риддерде жанармай тапшы

Самал Асқар 19 қаң. 2026 14:29

Риддерде қатты аязға байланысты жанармай тасымалы қиындап, қаладағы бірқатар жанармай құю бекеттерінде бензин уақытша таусылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала тұрғындары суық күндері көліктерімен жанармай іздеп, бір бекеттен екіншісіне қатынауға мәжбүр. 

Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі мәліметінше, қазіргі таңда еркін сатылымдағы жанармай тек Рощина көшесі, 10/1 мекенжайында орналасқан «Bazis Aero» жанармай құю бекетінде бар. Ал «Alem Simple Service» бекетінде жанармай тек талон арқылы беріледі.

Қатты аяз салдарынан «Helios» және «Qazaq Oil» жанармай құю бекеттеріне уақытында отын жеткізілмеген. Сол себепті қолда бар қор толықтай сатылып кеткен.

Қалалық бөлімнің хабарлауынша, бүгін таңертең «Helios» пен «Qazaq Oil» бекеттеріне әрқайсысы 10 тонна АИ-92 бензині мен 10 тонна дизель отыны, сондай-ақ 5 тонна АИ-95 бензині тиелген екі-екіден бензовоз жолға шыққан.

Жауапты органдардың уәдесіне сай, 19 қаңтар күні түстен кейін жүргізушілер бұл бекеттерде қайтадан жанармай құя алады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove