Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты

Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
Artur Widak/NurPhoto via Getty Images

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауффпен кездесті.

Кездесу 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Елена Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық спортшы US Open турнирінде алғаш рет финалға жолдама алды.

Шешуші матчта Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Жартылай финалда АринаСоболенко америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.