“Рухы мықты” фотокөрмесінің ашылуы өтті

Dalanews 15 там. 2024 18:02 1030

Париж - 2024 XVII жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті, Францияның Қазақстандағы Елшілігі және Esentai Mall сауда орталығы бірлесіп "Рухы мықты" фотокөрмесін ашты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Көрме Esentai Mall сауда орталығында 14 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында өтеді. Экспозиция пара спортқа және паралимпиада қозғалысының құндылықтарына: батылдық, теңдік, жігер мен шабытқа арналған жиырма беске жуық фотосуреттерді қамтиды.

Көрмеде жиырма бес қазақстандық пара спортшылардың портреттер сериясы ұсынылған, олардың көпшілігі 2024 жылдың 28 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын лицензиаттар. Портреттерді 2024 жылдың мамыр айында Астана мен Таразда екі атақты кәсіби фотограф: француз Дидье Эшлар мен қазақстандық Оспан Али түсірген. Әрбір фотосуретте спортшы және оның жетістіктері туралы қысқаша ақпарат берілген.

ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев: "Паралимпиадалық қозғалыс спортты баршаға қолжетімді ету үшін ғана емес, сонымен қатар адамдарды өз әлеуетін толық іске асыруға ынталандыру үшін де қажет. Паралимпиадашылар өз үлгісімен мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеп отыр. Осы көрме арқылы біз олардың жетістіктері мен үлгілерін көрнекі еткіміз келеді, өйткені біз оларды нағыз батырлар деп санаймыз".

Дидье Эшлар: "Сіздер осы көрмеде портреттерін көріп отырыған қазақстандық спортшылармен кездесіп, олардыфотосуретке түсіру мен үшін үлкен мәртебе болды. Олардың батылдығы мен қайсарлығы менің жүрегімде терең әсер қалдырды. 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылармен қайта кездесуді асыға күтемін. Сондай-ақ Франция Елшілігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетіне осы тамаша жоба үшін және осы көрмені сіздерге ұсынуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді".

Оспан Али: "Мені паралимпиадашылар шабыттандырады. Шектеулеріне қарамастан, олар өмірден сынбайды, керісінше, биіктерге ұмтылады. Менің мақсатым оларды біз мақтан тұтатын жігерлі жандар ретінде ғана емес, сондай-ақ қарапайым адамдар ретінде бейнелеп, жеткізу. Егер менің кейіпкерлерім біздің ортақ еңбегіміздің белгісі ретінде Паралимпиада ойындарында жүлдегер атанса, бұл мен үшін үлкен мәртебе болмақ".

Көрме аясында отандық Allur зауытында шығарылған JAC Sunray шағын автобусының кілті Қазақстан Пара волейбол федерациясына табыс етілді. Қазақстан Республикасының отырып ойнайтын волейбол командасы 1996 жылдан бері алғаш рет Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу лицензиясын жеңіп алды.

Allur компаниясының өкілі Нариман Бектуров:

"Біз үшін әлемнің басты спорт мерекесі қарсаңында ҚРПаралимпиадалық волейбол бойынша құрамасына қолдау көрсету үлкен мәртебе. Біз спортшыларымызды үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз және олардың жеңіске жету жолы, оқу-жаттығуды ұйымдастыру тиімді болғанын қалаймыз. Біздің компания корпоративтікәлеуметтік жауапкершілік стратегиясының маңызды бөлігі болып табылатын отандық спорт түрлерін – футбол, үстел теннисі, триатлон, хоккей, велоспортты дамытуға ықпал көрсетуге қуанышты. Біз жетістікті көздейтін қоғамды қолдаймыз. Паралимпиадашыларға жарқын өнер көрсетуді тілейміз! Сіздер үшін бүкіл ел жанкүйер!".

Отырып ойнайтын волейбол бойынша ерлер құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауов өз ризашылығын білдірді: «Мен Allur компаниясына параспортты дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамын. JAC автобусын біздің команда үшін логистиканы және оқу процессін ұйымдастыруды айтарлықтай жақсартатын болады. Бұл қолдау әсіресе Парижде өтетін Паралимпиада ойындары қарсаңында өте құнды және бізге тиімдірек дайындалып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Демеушілердің қатысуы бізді жаңа жеңістерге шабыттандырады және параспорттың маңыздылығын көрсетеді».

Көрмеде 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген жалпы 22 спорт түрінен 8 спорт түрі көрсетіледі.

Қосымша ақпарат:

Париждегі Паралимпиада ойындары

2024 ж. 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында

Дидье Эшлар (Didier Echelard) беделді Париж графика және фотосурет мектебінің түлегі. Эколь Эстьен (Ecole Estienne) – спорт және спортшылар тақырыбындамаманданған, Францияның Паралимпиадалық спорт федерациясының ресми фотографтарының бірі болып табылады.

Дидье Эшлар 2012 жылы Лондонда, 2016 жылы Риода өткен Паралимпиада ойындарын, сондай-ақ басқа да Паралимпиада ойындарын (жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионаты, семсерлесу бойынша әлем кубогы және т.б.) жарыққа шығарған. https://www.didierechelard.com/

Оспан Али (Әлібек Ибраев) фотосуретші, креатор, көптеген әлеуметтік жобалардың авторы және кураторы. Оның «Балалар кейіпкерлері» (UNICEF), «Қазнет фотосуреттерінің тарихы» (АҚШ елшілігі), «Мен қазақ даласының қызымын» және «AqJaima» (хоспис) жобалары тек Қазақстан тұрғындары арасында ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де кең қолдау тапты. Оспан Алидің туындылары Милан, Париж, Евле, Мальмё, сонымен қатар көптеген Қазақстанның қалаларында көрмелерге қойылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар