Оның айтуынша, осыған дейін 2 мәрте сотты болып, ауыр қылмысқа барған адам қоғам үшін аса қауіпті.
– 8 баптың әрқайсысының жазасы әртүрлі. Біреуінде 5 жылдан 10 жылға дейін. Біреуінде мысалы 7 жылдан 15 жылға дейін, біреуінде 15 жылдан 20 жылға дейін. Егер оның қылмыс әрекеттері осы 8 бап бойынша дәлелденетін болса, онда өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – дейді білікті заңгер Мейіржан Досқараев.
Дереккөзі: "Хабар" телеарнасы