Іс-шара спикері болған математик-ғалым Асқар Жұмаділдаев, Қазақстанның әлемдік дәрежеде білім деңгейін жоғары деп бағалады.
– Әлемдік рейтингте біз құлап қалыппыз дейді. Бұл бос сөз. Мен Англияда институтта жұмыс істедім. Сонда жүргенде жұрттар шулап кетті. Мәнісін сұрағанымда газеттегі мақаланы көрсетті. Ол жерде «Бораттың елінің балалары біздің елдің балаларынан озып кетті» деп жазыпты.
Сөйтсе, оқушылар математикадан озып кетіпті, – дейді белгілі қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев.
Ғалымның айтуынша рейтингтерге сене беруге болмайды. Себебі ол кейде былай, кейде былай көрсетеді дейді.
– Дүниеде ондаған рейтинг жасайтын мекемелер бар. Олардың 99 пайызына ақша төлесең, сен нені сұрасаң соны жасап береді. Рейтингтердің 90 пайызы өтірік. Олар тіпті осында келіп зерттемейді, – дейді профессор Асқар Жұмаділдаев.